05
Сейсенбі,
Қараша

һижри

Бас мүфти кәсіпкерлерді үлес қосуға шақырды

Бас мүфти кәсіпкерлерді үлес қосуға шақырды

Ел іші
Жарнама

8 маусым. АСТАНА. Ummet.kz - Бас мүфти кәсіпкерлерді үлес қосуға шақырды, деп хабарлайды Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Қасиетті Рамазан айының мүбәрәк кештерінде еліміздегі діни білімнің дамуына қолдау жасап жүрген кәсіпкерлер мен дін жанашырларының басын қосып, ауызашыр берді.

Нұр-Мүбарак мешітінде ақшам намазын оқып, алқалы жиынмен ауыз ашқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти хазірет Серікбай қажы Ораз шақыртуды қабыл алған азаматтарға алғысын айта келе келелі сөз бастады:

"...Халқымыздың діні, тілі, салт-дәстүрі – елдігімізге кепіл басты құндылықтардан. Ұлықбек бабамыз Регистанда астрономия орталығын салса, одан араға 200 жыл салып жалаңтөс Баһадүр бабамыз медресе ашқан. Соның барлығы бүгінгі ұрпаққа жетіп, көрші бауырлас елдің мақтанышты қазынасына айналды. Тарихта бай-бағланның емес, ғұлама ғалымдардың, соңына өнегелі мұра қалдырған қолбасшы, патшалардың есімдері сақталғанына куәміз. Сондықтан бізге берген Алланың нығметі Нұр-Мүбарак университетін дамыту сіз бен бізге аманат" – деп, білім шаңырағын дамытудың маңыздылығына тоқталды.

Бас мүфтидің сөзін жалғаған ректор, профессор Жуда Басюни Рамазанның қадір-қасиеті жайлы айта келе: «Қазір Мысыр мемлекеті әлемдік дағдарысты айқын сезінуде. Сондықтан осы ізгі бастаманың тоқтап қалмай, ел болып қолдауды қажет етеді. Бұл Алланың да, келешек ұрпақтың да алдында сауапты да жауапты іс дер едім», – деді.

Нұр-Мүбарак университетінде қазір мыңнан аса шәкірт білім алса, биыл бөлінген білім гранттарының саны артып, одан өзге ақылы бөлімде оқушыларды қосқанда студенттердің сыйымдылығына университеттің мүмкіндігі тым шектеулі екендігін алға тарқан проректор, профессор Шамшәдин Керім жаңа оқу кешенінің жобасымен таныстырды. Ал Аппарат жетекшісі Рахымжан Әкімбеков Нұр-Мүбарак университетіне жасалған қолдау пайғамбарымыздың (с.а.с.) хадисіндегі үзілмейтін үш сауап: жария садақа, хайырлы ілім, салиқалы ұрпақ тәрбиесін ұштастырғанын алға тартты.

Бас Мүфти Серікбай қажы Ораз діни білім мен шәкірттерге қолдау жасаушы жомарт кәсіпкерлерге алғыс хат беріп, зор ризашылығын білдірді.

Бөлісу: