17 мамыр. Астана. Ummet.kz - Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ғимаратында Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен кезекті хаттамалық жиналыс өтті, деп хабарлайды muftyat.kz сайты.
Алқалы жиынға бірінші наиб мүфти, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы, наиб мүфти Алау Әділбай, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев пен ҚМДБ бөлім меңгерушілерілер қатысты.
Күн тәртібінде рамазан айын жоғары деңгейде өткізу мәселесі талқыланды. Қасиетті айда жүзеге асатын іс-шаралардың жоспары мен мерзімі пысықталып, нақты тапсырмалар берілді.
Жиналыс соңында ҚМДБ төрағасы С.Сатыбалдыұлы аймақтағы өкіл имамдарға нақты тапсырмалар жолдады.