5 мамыр. АСТАНА. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев бастаған делегация Нью-Йорктегі Ұйымдастыру ұлттық ұйымы (ЮНАОК) өкілдерімен кездесті деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.
ЮНАОС әлемдегі барлық мәдениеттер мен діндер арасындағы қарым-қатынас пен өзара түсіністік мәселелерін зерттейді.
ҚМДБ делегациясы аталған ұйым қызметімен танысып, осы бағытта жүргізілген семинарға қатысты.
Аппарат басшысы Ғ.Жәдігерұлы өз кезегінде елімізде әр үш жыл сайын өтетін Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары съезінің түрлі дін өкілдерін ортақ мақсатқа үндеп келе жатқанын айрықша атап өтті.