3 мамыр. АСТАНА. Ummet.kz - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2018 жылға арналған ораза кестесі мен пітір садақа мөлшерін жариялады.
Төралқа Мәжілісі мүшелерінің бірауызды шешімімен биылғы пітір садақа мөлшері 300 теңге болып бекітілді. Рамазан айы кіргеннен бастап ораза айт намазына дейін берілетін пітір садақа – оразаның қате-кемшіліктерін толтыратын, Аллаға шүкіршілік ету үшін берілетін және кедейлерді қуантатын садақа. «Пітір» сөзі жаратылыс дегенді білдіреді, оны жан садақасы деп те атайды.
«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі