05
Сейсенбі,
Қараша

һижри

Семинар қатысушылары сертификат алды (ФОТО)

Семинар қатысушылары сертификат алды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

27 сәуір. Астана. Ummet.kz – Бас мүфти «Қазіргі қоғамда пәтуа берудің маңыздылығы мен жауапкершілігі» атты семинар аясында біліктілігін жетілдірген өңір имамдарына сертификат табыстады, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Астана қаласындағы Имамдарды кәсіби қайта даярлау және біліктілігін арттыру республикалық орталығында ҚМДБ-ның «Шариғат және пәтуа» бөлімінің ұйытқы болуымен өңір имамдарының біліктілігін арттыруға арналған «Қазіргі қоғамда пәтуа берудің маңыздылығы мен жауапкершілігі» атты семинар өз жұмысын аяқтады.

Семинардың соңғы күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз өңір имамдарымен арнайы кездесу өткізді.

Кездесуге ҚМДБ-ның «Шариғат және пәтуа» бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы, ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы, Имамдарды кәсіби қайта даярлау және біліктілігін арттыру республикалық орталығының директоры Асқар Әбітайұлы, «Әлжан Ана» мешітінің Бас имамы Қалижан Заңқоев сынды діни тұлғалар қатысты.

Кездесу барысында  Бас мүфти семинардың мән-маңызы, сұрақтарға жауап беру, діни мәселелерге пәтуа беру турасында тұщымды ой-пікірімен бөлісті.  

«Бұл семинардың мақсаты – пәтуаның бірізділігін сақтау. Сол мақсатта ҚМДБ-ның жанынан «Шариғат және пәтуа» бөлімін ашылған. Енді, әрбір өңір, әрбір облыстағы өкілдіктердің сайты өзінше ижтиһад қылуға рұқсат жоқ. Өйтсек, бір қоғамды, бір ортаны, бір жамағатты жан-жаққа бөліп аламыз. Қандай да бір отбасылық, қоғамдық-әлеуметтік сұрақтарға байланысты әркімнің өзінше пішіп, мына кітапта былай деген, пәлен «дәлелім бар», түген рәуиім бар, мына ғалым былай айтқан деп бірін-біріне қарама-қайшы қоятын дүниені болдырмау керек. Ондай жағдайда қатаң шара қолданатын боламыз.

Бұл жағынан мұсылман мемлекеттердің тәжірибесінде өзіндік үлгілері бар. Біздің қазақстандық үлгі керемет. Бір діни басқарма бар, бір Пәтуа бөлімі бар. Яғни, кез-келген сұрақтар бойынша бәріміз жүгінетін дереккөз бір болмақ. Құдайға шүкір, пәтуа мәселесінде бірізділік қалыптасты. Бұл керемет үлгі. Осы үлгімізге қызығушылық танытып отырған елдер көп. Бірнеше діни басқармасы бар, бір сұрақтың неше түрлі жауабы бар елдердің ақыры не болып жатқанын көріп отырсыздар», - деді Бас мүфти Серікбай қажы Ораз.

Кез келген діни мәселе жөнінде әр түрлі жауап беріп, түрлі пәтуа шығарып жетіскен ел жоқ екенін тілге тиек еткен мүфти хазірет «кез келген мәселеде бірізділік, бір діни мектеп, бір діни таным» болу керектігін атап өтті.

Сонымен бірге, Серікбай қажы Сатыбалдыұлы өңір имамдарына халқымызды толғандырған мәселелерге жауап беруде біріздікті сақтауды, қалың бұқараға түрлі сұрақтар бойынша жауап беретін, пәтуа бойынша жүгінетін орталық бар екенін насихаттауды, сол арқылы діни алауыздықтың алдын алып, жат ағым өкілдерінің қоғамды бөлшектенуіне жол бермеуді тапсырды. Әркім өз бетінше пәтуа беріп қоғамда қарама-қайшылық пен алауыздық тудыруға, екіұдайылық қалыптастыруға жол жоқ екенін баса айтты.

Сөз соңында өңірлерден келген қатысушыларға пәтуа мәселесі бойынша арнайы біліктілік семинарынан өтіп, білімін шыңдағаны жөнінде сертификат табысталды.  

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

1

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

Бөлісу: