05
Сейсенбі,
Қараша

һижри

Алматы қаласының бас имамы журналистермен жүздесті (фото)

Алматы қаласының бас имамы журналистермен жүздесті (фото)

Ел іші
Жарнама

20 Сәуір. Астана. Ummet.kz - Бүгін Алматы қаласы Орталық мешітінің Бас имамы Еркінбек қари Керімбекұлының бастамасымен журналистер қауымымен дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды muftyaty.kz сайты.

Басқосуға ҚМДБ-ның баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы, ҚДМБ-ның ғаламтормен жұмыс бөлімінің меңгерушісі Мұрат Манапұлы, «Нұр-Мүбарак» университетінің оқытушысы Бауыржан Әлиұлы, Алматы Орталық мешітінің наиб имамы Ерсін Әміреұлы,  «Qamshy.kz» ақпараттық порталының жетекшісі Біләл Қуаныш, «Zakon.kz» сайтының редакторы Торғын Нұрсейітова, «Жас қазақ» газеті бас редакторының орынбасары Елдос Өмірзақ, «Астана» телеарнасының Алматы қаласы бойынша бюро жетекшісі Ришат Асқарбекұлы, «Айқын» газетінің тілшісі Қайыржан Төрежан, «Tengrinews.kz» сайтының тілшісі Айдос Қосыбай, «Nur.kz» сайтының тілшісі Жұлдызай Омархан, «Алматы ақшамы» газетінің тілшісі Әсел Дағжан, «Евразия» телеарнасының тілшісі Ерлан Тәліпбай секілді журналистер қатысты.

Кездесу барысында сөз алған Алматы қаласы Орталық мешітінің Бас имамы Еркінбек қари Шоқай журналистерді дәстүрлі дінді дәріптеуде бірлесе қызмет атқаруға шақырды. Сонымен қатар, діни бағытта қалам тербеп жүрген журналистердің арнайы пулын жасақтауды ұсынды. Бас имамның бұл ұсынысы журналистер тарапынан қолдау тапты. Сондай-ақ, кездесуде Алматы қаласының алдағы уақытта атқарылатын игілікті іс-шаралары туралы әңгіме қозғалды. Және сәуір айының 25-ші жұлдызында өткізілетін VІІ Республикалық Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу жарысы туралы да айтылып, әділ қазылар алқасы, жүлде қоры туралы ақпараттар берілді. Дөңгелек үстел басындағы емін-еркін сұхбат барысында журналистер тарапынан қойылған сауалдарға Еркінбек қари Керімбекұлы, Ерсін Әміре, Бауыржан Әлиұлы ұстаздар жан-жақты тұщымды жауап берді. Сонымен қатар, қоғамдағы жат ағым өкілдерімен жұмыс істеу мәселелері мен діни ақпараттарды дер кезінде тарату мәселелері де тілге тиек етілді. Кездесуден кейін журналистер пулының әр тоқсан сайын жүйелі түрдегі жүздесуін жасау, қоғамда туындаған мәселелерге қатысты ортақ үн қатып, діни ақпараттарды уақытылы БАҚ беттерінде жариялау туралы уағдаластық жасалды.

Кездесу соңында арнайы жайылған дастархан басында басқосып, ел мен дін мүддесі жолында бірлесе қызмет атқару ұсыныстары айтылып, бір ауыздан қолданды.


Бөлісу: