19 Сәуір. Астана. Ummet.kz - «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында британдық ойшыл Карен Армстронгтың «Құдайтану тарихы» кітабы аударылды, деп хабарлайды kazislam.kz сайты.
Кітаптың аударылуына атсалысқан ғалым Амантай Шәріптің айтуынша, ғылыми танымдық кітап ЖОО-да гуманитарлық мамандықта оқитын студенттердің оқу құралы болмақ.
Ұлттық аударма бюросы әлемдегі ең үздік деген 100 оқулықты қазақ тіліне аударуды қолға алып, былтыр философия, әлеуметтану, психология, экономиканы қамтыған 18 кітап аударған. Сол аударылған кітаптардың ішінде британдық ойшыл, әйгілі ғалым, теолог, публицист Карен Армстронгтың «Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны» атты кітабы бар. Бұл кітап қазір әлемнің 40-қа жуық тіліне аударылған. Осы туындыны таңдаудағы себеп, кітап адамзаттың басын біріктіруге ұмтылатын идеялар шоғырланған және діндердің тарихын зерттегенде, бір-бірінен бөлектеп тастамай, сабақтас екенін айтып, адамзаттың жалпы бір жаратушыны тануға деген ізденістерін баяндаған.