05
Сейсенбі,
Қараша

һижри

Моңғолиядағы музейде Көктүрік империясының 300-ден астам жәдігері сақтаулы

Моңғолиядағы музейде Көктүрік империясының 300-ден астам жәдігері сақтаулы

Ел іші
Жарнама

17 Сәуір. Астана. Ummet.kz - Моңғолиядағы музейде Көктүрік империясының 300-ден астам жәдігері сақтаулы тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат МОНЦАМЭ агенттігіне сілтеме жасап.

«Хушуу цайдам» музейі Моңғолиядағы Орхон өзенінің аңғарында, Арханғай аймағы Хашаат ауылында орналасқан. Онда біздің заманымыздың VI ғасырына тиесілі Көктүрік империясының (Түркі қағанаты) 300-ден астам сирек кездесетін жәдігері сақтаулы.

«Хушуу цайдам» музейі 2010 жылы Моңғолия үкіметінің қаулысымен құрылған.

Бұл археологиялық заттар қазіргі Хашаат сұмынында (ауылдық округ - авт.)орналасқан Түркі қағанатының саяси және әскери қайраткерлері Білге қаған мен Күлтегін мемориалдық кешендерінен табылған.

Еске салайық, түркілер Еуразия құрлығының төрттен бір бөлігінде өмір сүрген ежелгі көшпелі халықтардың бірі.

Айта кетерлігі, Түркия Республикасының премьер-министрі Бинали Йылдырым биыл 7 сәуірде Моңғолияға жасаған ресми сапары кезінде аталмыш музейге барған еді.

Бөлісу: