9 Сәуір. Астана. Ummet.kz - Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жауады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде тұман түседі, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде 2 градусқа дейін үсік жүреді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с шаңды дауыл күшейеді, түнде 2 градусқа дейін үсік болуы ықтимал.
Алматы облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ болуы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодарда жел 15-20 м/с күшейіп, тұман, көктайғақ болжанған.
Ақтөбе, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, тұман түседі.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұманболады.
Атырау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.