05
Сейсенбі,
Қараша

һижри

Наиб мүфти қажылық фирма жетекшілерімен кездесті (фото)

Наиб мүфти қажылық фирма жетекшілерімен кездесті (фото)

Ел іші
Жарнама

5 Сәуір. Астана. Ummet.kz - Наиб мүфти қажылық фирма жетекшілерімен кездесті деп хабарлайды muftyat.kz сайты.

Бүгін ҚМДБ төраға орынбасары, наиб мүфти Бауыржан қажы Есмахан қажылық компанияларының жетекшілерімен жиналыс өткізді.

Жиынға Бас мүфтидің кеңесшісі Дәулет Әлиханов, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, дін істері комитеті, исламдық діни бірлестіктермен байланыстар басқармасының Бас сарапшысы Бахытжан Дүйсебаев, ҚМДБ Қажылық Қоры мен «Тауаф Тревел» қажылық фирмасының директоры Айдар Салқынбаев және қажылық компанияларының басшылары қатысты.

Басқосуда Бас мүфтиі Серікбай қажы Ораз хазреттің арнайы тапсырмасы бойынша қажылық ұйымдастырушы фирмалармен өткен сұхбаттасу конкурсының нәтижесінде 18 туристік фирманың қажылық квоталарын алғандығы хабарланды.

Сонымен қатар, жиында осы жылғы қажылыққа дайындық жұмыстары пысықталды. Атап айтқанда, биылғы қажылық маусымын ұйымдастыру барысында қазақстандық қажыларды біріңғай киіндіру, қажыларды бір аймақтағы қонақ үйлерге шоғырландыру секілді жаңа талаптар фирма басшыларына таныстырылды.  Қажылық фирмалары ҚМДБ-ның бұл талаптарын бірауыздан қолдап, талапты орындауға дайын екендіктерін жеткізді.

Наиб мүфти жиналыс барысында қажылықтың сауапты, әрі жауапты жұмыс екенін атап өтті.

«Қажылық – сауапты құлшылық, әрі жауапты қызмет. Қажыларымыздың қасиетті сапарын ұйымдастыру – үлкен мәртебе. Қажыларға қызмет көрсететін Қажылық Миссиясы да қажылық фирмалары да осыны үнемі есте ұстауы тиіс. Сондықтан да, жыл сайын Қажылық қызметінің сапасын арттырып келеміз. Фирмаларға қойылатын талаптар да күшеюде. Биыл конкурс нәтижесінде 18 фирма мүфтиятпен келісім-шарт жасады. Аталған фирмалар келісім-шартта көрсетілген талаптарға сай қызмет етеді деген сенімдемін», – деді Бауыржан қажы Есмахан. 

Бөлісу: