06
Сәрсенбі,
Қараша

һижри

Бас мүфти маңғыстау облысының əкімімен кездесті (фото)

Бас мүфти маңғыстау облысының əкімімен кездесті (фото)

Ел іші
Жарнама

4 Сәуір. Астана. Ummet.kz - Серікбай қажы Ораз Маңғыстау облысының əкімі Ералы Тоғжановпен кездесті деп хабарлайды muftyat.kz сайты.

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Маңғыстау облысының əкімі Ералы Тоғжановпен кездесті.

Облыс басшысы Ералы Лұқпанұлы алғашқы ресми сапарын киелі Маңғыстаудан бастаған Бас мүфтиге алғысын жеткізді. 

«Елдің игілігі мен бірлігіне қызмет ету - Сіз бен біздің ортақ ізгі мақсатымыз. Сіздің бастамаңызбен осы өңірде көптеген сауапты һəм салауатты шаралар жүзеге асуда. Алла разы болсын», - деді Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.

Қабылдауда жастарды деструктивті ағымдардың ықпалынан сақтандыру, дін мен дəстүрдің үйлесімін насихаттау мəселесі талқыланды.

Кездесу соңында тарихи археологиялық экспедицияларды бірлесе жүзеге асыру туралы уағдаластық жасалды.

Бөлісу: