06
Сәрсенбі,
Қараша

һижри

Бас мүфти расми сапармен Маңғыстау облысына барды (фото+видео)

Бас мүфти расми сапармен Маңғыстау облысына барды (фото+видео)

Ел іші
Жарнама

3 Наурыз. Астана. Ummet.kz - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Маңғыстау облысына жасаған сапары барысында Жаңаөзен жұртшылығымен жүздесті,-деп қабарлайды muftyat.kz сайты. 

Қала әкімі Әділбек Дауылбаев жүргізген кездесуге ардагерлер, мәслихат депутаттары, жергілікті зиялы қауым өкілдері мен әкімдік қызметкерлері қатысты.

«Қоғамды ізгілікке бастау баршамыздың асыл борышымыз деп санаймын. Ақсақалдар көпшілікке кеңесін айтып, жастарға батасын беріп жүрсе, мұғалімдер оқушыны білім мен тәрбиеге баулыса, әкімдік қызметкерлері халыққа қызмет етсе, имам мен молдалар жұртқа жақсы сөз айтып, насихатын жеткізсе, Құдай қаласа біздің еліміздің игілігі мен берекесі арта түседі. Өйткені, Алла Тағала барша адамзатқа жақсы, ізгі істе бір-бірімізге көмекші, қамқоршы болуды бұйырған. Әр тұлға өзіне жүктелген миссияны ыждаһаттылықпен атқарса көсегеміз көгере береді. «Қариясы бардың қазынасы бар», – деген қанатты сөз бар. Сіздердің тілеуқор, батагөй қасиеттеріңіз жас ұрпаққа өшпес өнеге болып қала береді. Алла Тағала қарияларымызға күш-қуат, жастарымызға білім мен имандылық нәсіп еткей», – деді Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.

Емен-жарқын кездесуде ақсақалдар Бас мүфтидің жаңа қадамына сәттілік тілеп, көкейінде жүрген сұрақтарын қойды. Серікбай қажы Ораз қалалық әкімдік қызметкерлеріне «Ұлы дала төсіндегі Ислам» атты кітабын сыйға тартты.

Басқосудан кейін ҚМДБ төрағасы Жаңаөзен қаласының мешіт жұмыстарымен танысып, имамдарға тиісті тапсырмалар берді.

Бөлісу: