Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораздың ресми бұйрығымен Айдар Салқынбаев ҚМДБ жанындағы «Қажылық қоры» мен «Tawaf trevel» қажылық компаниясының директоры болып тағайындалды.
Бұған дейін бұл жұмыстарды қоса атқарған Жәнділла қажы Бекжігітов ҚМДБ «Мешіт істері» бөлімінің меңгерушісі қызметін жалғастыра береді. Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы Жәнділла қажы Мамытханұлының «Қажылық қоры» мен «Tawaf trevel» қажылық фирмасы директоры қызметін атқарған кезеңде оң нәтижелерге қол жеткізгенін атап өтіп, Айдар Салқынбаевтың жаңа жұмысына сәттілік тіледі.
Айдар Салқынбаев 1978 жылы Ресей Федерациясының Алтай аймағында туған.
Білімі:
1994-1996 жж. Ақмола қаласы «Садуақас қажы Ғылмани» мешіт-медресесінде сауат ашу курсын тәмамдаған;
1996-2001 жж. Түркияның Стамбұл қаласында «Құран курсын» бітірген;
2004 жылы Алматы қаласындағы «Ислам институтында» білімін жетілдірген;
2011-2015 жж. Бішкек қаласындағы «МУИТ» экономика факультетін тәмамдаған;
2017 жылы Алматыдағы «Қайнар» университетінің магистратурасын аяқтаған.
Қызмет жолы:
2001-2003 жж. Алматы қаласы Орталық мешітінің ұстазы;
2005-2011 жж. Ақмола облысы Степногорск қаласы Орталық мешітінің наиб имамы;
2011-2015 жж. Отандық қажылық компаниясының директоры;
2015-2016 жж. Алматы өңірі, наиб имамы;
2016 жылы Алматы қаласы Қарасай ауданы «Құртқа» мешітінің бас имамы.
ҚМДБ Баспасөз қызметі