Бүгін екі күнге созылған республикалық медресе-колледж шәкірттерінің арасындағы олимпиада өз мәресіне жетті.
Жүлдегерлерді марапаттау салтанатында сөз алған ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Алау Шайқымұлы олимпиаданы ұйымдастыруға ат салысқан университет басшылары мен әрдайым қолдау білдіруші «Қазақстан – 2030» қазақ-түрік жастарды қолдау қоғамдық қоры, жүлде тағайындаған «АТЛАС» қажылық фирмасының басшыларына Бас мүфти Серікбай қажы Ораз тарапынан Алғыс хатын табыс етті. Білім сайысында бақ сынаған үміткерлерге:
«Қазақ даласы кезінде талай ғұламалардың мекені болған. Әл-Фараби, Кердери, ас-Сығанақи, әл-Итқани сынды ғалымдар жолын жаңғыртып, дәстүрлі дініміздің жаңғыруына, өзімізге тән исламтану мектебін қалыптастыруға күш салудамыз. Міне, сол аманатты жалғастырып, жүзеге асыратын білім иелері, болашақ ғалымдар өздеріңіздің араларыңыздан шығады деген сенімдеміз»,- деген Наиб мүфти жарысқа қатысушыларға үкілі үмітін айта келе, жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне кезек берді.
Нұр-Мүбарак университетінің ректоры, профессор Жуда Басюни білім сайысын дәстүрлі түрде ұйымдастырушы Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасына, шәкірттердің ыждаһаттылығы мен ұстаздардың еңбегіне ризашылығын білдірді. «Бұл сайыс білім сайысы, сондықтан Алла жолында жүрген әрбір адам жеңісте», - деді ректор. Сондай-ақ 3 сала бойынша шын жүйріктерге университеттен білім гранты берілетінін мәлімдеді.
Проректор, профессор Шамшәдин Керім мырза университет грантына қатысты ерекшеліктерге тоқталып, биылғы ҚР Білім және ғылым министрлігінің қабылдау талаптарындағы өзгешеліктерді айтып, шәкірттерге алдын ала ескерте кетті.
Сондай-ақ жеңімпаздарға диплом, қатысушыларға сертификат және барлығына ақшалай сыйақы берілді. Осы олимпиада барысында қызмет көрсеткен Нұр-Мүбарак университеті оқытушыларына Бас мүфти атынан Алғыс хат табыс етілді. Салтанатты рәсім соңы шәкірттердің ән-күйімен жалғасып, олимпиадаға қатысушылары Алматының көрікті жерлерін аралату шарасымен жалғасты.
Сонымен, қазылар алқасының шешімімен, жүлдегерлер төмендегі көрсеткішке ие болды:
3-курс бойынша
Араб тілі пәнінен:
1-орын Маулен Тайжанов («Астана» медресесі);
2-орын Асет Мураталиев («Һибатулла Тарази» медресесі);
3-орын Сыдықжан Мүтәліп («Әбу Ханифа» медресе-колледжі).
Ақида-фиқһ:
1-орын Нұрсұлтан Зұлпыкаров («Һибатулла Тарази» медресесі);
2-орын Абылай Аманқосов («Әбу Ханифа» медресе-колледжі);
3-орын Айгерім Тлепова («Сарыағаш» медресе-колледжі).
Тәжуид-Құран:
1-орын Талғат Қарғалиев («Астана» медресесі);
2-орын Малика Тажибаева («Шымкент» медресе-колледжі);
3-орын Саидаббос Мираманов («Сарыағаш» медресе-колледжі).
Бас жүлде: Нұр-Мүбарак университетіне білім гранты және 100 мың теңге ақшалай сыйақыны Нұрсұлтан Зұлпыкаров («Һибатулла Тарази» медресесі) иеленді.
2-курс бойынша
Араб тілі пәнінен:
1-орын Ышық Мұхаметжұма («Әбу Бәкір Сыдық» медресесі);
2-орын Эргаш Узбеков («Һибатулла Тарази» медресесі);
3-орын Бақдәулет Ержан («Астана» медресесі).
Ақида-фиқһ:
1-орын Ержан Ахмет («Шымкент» медресе-колледжі);
2-орын Муаттархан Эрматова («Сарыағаш» медресе-колледжі);
3-орын Диера Махкамбаева («Шымкент» медресе-колледжі).
Тәжуид-Құран:
1-орын Майя Бақытқалиева («Шымкент» медресе-колледжі);
2-орын Мақсат Тұрғанжан («Әбу Бәкір Сыдық» медресесі);
3-орын Солтанбек Нұрбол («Әбу Ханифа» медресе-колледжі).
Бас жүлде: Умра қажылығын 2 курс студенті Ахмет Ержан («Шымкент» медресе-колледжі) иеленді.
Осы шәкірттердің білімін таразылай келе, 9 медресе-колледж арасынан кубок иелері де марапатталды:
1 орын «Шымкент» медресе-колледжі (Алтын кубок);
2 орын «Астана» медресесі (Күміс кубок);
3 орын «Һибатулла Тарази» медресесі (Қола кубок).