Қыстың сықырлаған аязында қайырымды жандар бір-біріне көмек беруде. Кезекті игі істердің бірін Ақтөбедегі «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешіт қызметкерлері ұйымдастырды.
Адамдар бір-біріне мейірімді болып, жылу сыйлап тұрса ауа райының суықтығы да сезілмей қалады екен. мұндай игілікті шаралар Қазақстанның әр аймағында да өз жалғасын тауып жатыр. «Тазалық – иманның жартысы» демекші, қала тазалығына жауапты жұмысшыларды мерекемен құттықтап, оларға ыстық тамақ пен шай әзірлеп, үлестірді. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз баянды болсын деген ізгі тілектерін жеткізіп, еңбектеріне берекет тіледі.
ummet.kz