06
Сәрсенбі,
Қараша

һижри

Қазақстанда сүндетке отырғызу тегін болуы мүмкін

Ел іші
Жарнама

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі сүндетке отырғызу рәсімін тегін өткізуді ұсынды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Бұл туралы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз-мәслихатында мәлімдеді.

"Тегін медициналық қызмет арқылы сүндетке отырғызу рәсімін орындау тәртібін енгізуді талқылап отырмыз. Бұл біздің бастамамыз және енді ғана көтеріліп отыр. Мұны келеңсіз зардаптардан құтылу үшін ұсындық. Біздің заңнамада сүндетке отырғызу туралы нақты бір норма жоқ. Бұл тек дінге қатысты болмауы керек, сонымен бірге медициналық мекемелер мен білікті дәрігерлердің сүндетке отырғызу рәсімін өткізгенін қолдаймыз», - деді ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз-мәслихатында.

ummet.kz

Бөлісу: