06
Сәрсенбі,
Қараша

һижри

Бас мүфти Ташкентте өткен халықаралық конференцияға қатысты

Ел іші
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы мен наиб мүфти Серікбай қажы Ораз Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Алқалы жиынның мақсаты – дінаралық ынтымақтастықты нығайту.

Конференцияда жалпы адамдар арасындағы қарым-қатынас пен дінаралық татулықты насихаттау, әлемге қауіп төндіріп отырған экстремизм мен терроризмге тосқауыл қою, бүгінгі дін қайраткерлерінің тұрақтылықты нығайтудағы рөлі, т.б. ауқымды мәселелер кеңінен талқыланды. Бүгінгі күні дүниежүзілік Ислам ғалымдарын алаңдататын мәселе исламофобияның белең алып жатқаны. Сондықтан да ғылыми басқосуларды көбірек ұйымдастырып, өзара тәжірибелер алмасу аталмыш қажеттіліктен туындаған мәселе.

Бас мүфтилер мен теолог ғалымдардың басын қосқан жиында ортаазиялық мұсылман мектебінің рөлін күшейту мәселесі де сөз болды. Айта кетсек, дәл осыдан 2 жыл бұрын, яғни 2015 жылдың қазан айында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Орталық Азия Ғұламалар форумын ұйымдастырды. Осы форумда Орталық Азияда біртұтас мұсылман үмметін қалыптастыру туралы ойлар айтылды. Өйткені, біздің мәзһабымыз бір, дәстүріміз ұқсас, салтымыз ортақ. Бұл идея Орталық Азия мұсылмандарын бір мақсатқа үндейді деген тұжырым бар.

news image 12067

IMG 20171018 WA0036

IMG 20171018 WA0017

IMG 20171018 WA0034

 

ummet.kz

Бөлісу: