06
Сәрсенбі,
Қараша

һижри

«Зекет» қоры мүмкіндігі шектеулі балаларға базарлық жасады (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Бүгін «Жақсылық жаршысы» қайырымдылық шаралар легі аясында ҚМДБ «Зекет» корпоративтік қорының Астана қаласы бойынша филиалында қор қарамағындағы мүмкіндігі шектеулі балалар арасында «Менің қолымнан келеді, анашым!» атты байқау ұйымдастырылды. Аталмыш шараның арнайы қонағы ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы, «Зекет қоры» корпоративтік қорының Астана қаласы өкілдігінің басшысы Ибрахим Келдібайұлы, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Əлия Канибекова қатысты.

Байқауға əр алуан қолөнер жұмыстары қабылданды. Балалардың бірі сурет салып келсе, бірі жапсырма əдісімен панно дайындаған. Алланың қандай сынағы болса да мойымай, сабырлық танытып, бір үмітті арқалап келе жатқан бүлдіршіндердің бойынан мықты рухты, болашаққа деген айқын сенімді, асқақ арманды аңғарасың. Олар шексіз мүмкіндіктерін дәлелдегісі келеді. Ел үшін қызмет ете алатындарын көрсеткісі келеді. Аллаға шүкір, бүгінде оларға көрсетіліп келе жатқан қолдау көп. Алланың сынағына ұшыраған мүмкіндігі шектеусіз жандарға мейірімділік таныту мақсатында және Елбасының «Болашаққа бағдаррухани жаңғыру» атты мақаласы аясында өткен байқауға бүлдіршіндер сарғайған жапырақтарды, қураған бұтақтарды, дəнді-дақылдарды жəне өзге де табиғи материалдардан құрастырған туындыларын ұсынды.

Zeket shara (18)

Тағдырдың кермек дәмін жастай тартып, өмірдің сан қырлы сынақтарына төтеп беріп келе жатқан өнерлі бүлдіршіндерге ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы былай деп жүрекжарды лебізін білдірді:

«Бүгін рухани келісім күні. «Менің қолымнан келеді, анашым!» деп аталатын осынау байқаудың болғаны қандай керемет! «Зекет» қорының мақсаты біреуді кейін, біреуді ілгері қалдыру емес. Бұл шығармашылыққа бейім балғындарды ынталандыру, қамқорлық жасау. Осы кезге дейін ҚМДБ көптеген ізгі шараларды ұйымдастырып келе жатыр.  Діни басқарманың жұмысы негізгі төрт бағыт бойынша жүзеге асады десек, соның ішінде халыққа қайырымдылық көрсету қызметі де бар. Міне, бүгінгі байқау да қайырымдылықтың бір көрінісі. Сіздердің қабілеттеріңізді шыңдап, болашақта мұнан да жоғары байқауларға қатысуға мүмкіндік жолын ашу. Сіздерге шығармашылық табыстар тілеймін. Осындай байқауға келіп, сіздердің қуаныштарыңызға ортақ болғаным үшін мен де қуанып отырмын, ерекше әсердемін. Сіздердің үміттеріңіз бен армандарыңыздың ұшқынын байқағандай болдым. Қолдан жасалған бұйымдар қандай керемет.  Бұл шығармашылық ойлауды қажет етеді. Мына өмір жай ғана сынақ. Сіздердің жағдайларыңыз да сол сынақтың бір түрі. Адам сынаққа қалай сабыр етсе, Алла ол адамды Жәннатпен сүйіншілеуге уәде етеді. Адам баласы өмірде кішкене сабыр етсе, алдынан жеңіс есіктері ашылады. Сол сияқты сіздердің алдағы болашақтарыңызға да нұрлы да, жарқын қадамдар тілеймін. Бүгінгі жеңістеріңіз өмірлік жеңістерге ұласа берсін! Баршаңызға Алла разы болсын!» деген жылы сөздер бүлдіршіндерге үміт сыйлады.

Байқауға қазылық еткен Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, суретші Əлия Канибекова өнерлі балғындардың талантына танданысын білдіріп, әр қатысушыға түрлі номинация бойынша жүлделі орындар тағайындады. Тағдырдың сыңдарынан сүрінбей, Алланың сынағына сабырлық танытқан әрбір қатысушыны шүкіршілік етуге, Алланың мейірімінен ешқашан күдер үзбеуді насихаттаған қайырымдылық қордың басшысы Ибрагим Кендербайұлы байқауға қатысушы талантты бүлдіршіндерге сыйлықтар мен арнайы дипломдар табыстады. Және балаларға арнайы дастархан жайып, оларға құрмет көрсетті.

Zeket shara (20)

Zeket shara (22)

Zeket shara (23)

Zeket shara (25)

Zeket shara (27)

Zeket shara (10)

Zeket shara (3)

Zeket shara (4)

Zeket shara (5)

Zeket shara (15)

Zeket shara (12)

Zeket shara (29)

Zeket shara (31)

Zeket shara (35)

Zeket shara (32)

Zeket shara (2)

Zeket shara (40)

Zeket shara (37)

Zeket shara (44)

Zeket shara (42)

Zeket shara (43)

Zeket shara (41)

Zeket shara (39)

Zeket shara (36)

Zeket shara (46)

Zeket shara (45)

Zeket shara (47)

Zeket shara (48)

Zeket shara (49)

«Нұр Астана» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

 

Бөлісу: