06
Сәрсенбі,
Қараша

һижри

Кей адамдар діни қағидаларды сөзбе-сөз орындайды

Ел іші
Жарнама

Бүгінгі күні діни бірлестіктермен бірге еңсеретін бірқатар сын-қатерлер тұр. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Дін саласына тоқталатын болсақ, қоғамның қауіпсіз болашағына байланысты көптеген сұрақтар осы жерде шоғырланған. «Мемлекет діни бірлестіктерді өзінің әріптесі санай ма, әлде қауіп-қатерлердің шығу көзі ретінде көре ме?» деген сұрақ бізге жиі қойылады. Біз оларға қоғамның рухани мәселелерін шешуде сенімді әріптесіміз ретінде арқа сүйенетінімізді нақты айта аламыз, бірақ бұған бірнеше шарттар бар. Біріншіден, дін әрбір адамның жеке ісі, ол саясиланбауы және заңдарды ауыстырмауы керек. Екіншіден, дін рухани құндылықтарға баса назар аударып, басқа ұстанымдағыларды айыптауға, кінәлауға жол бермеуі керек», - деді министр.

Осы орайда ол Президент «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында зайырлы дәстүрлер Қазақстанның ертеден келе жатқан мұрасы деп атап өткенін еске салып өтті. «Бұның негізінде төзімділік, бейбітшілік және барлық діндарлардың құқықтарын құрметтеу жатыр. Адамдар зайырлы демократиялық мемлекет жетістіктерінің орнына ортағасырлық тәртіппен аласапыран келуі мүмкін деп алаңдайды. Бұндай процестер бірқатар елдерде орын алған. Бұл жағдайды қысқаша айтсақ, егер де біз бүгін зайырлы дәстүрлерімізді жоғалтсақ, азаматтарымыздың үміт отын жоғалтамыз. Осы ретте зайырлылық  атеизм емес  екенін де түсінген маңызды. Қазақстанда 3 600-ден астам діни бірлестік жұмыс істейді. Олар 18 конфессияны қамтиды. Конституция мен заңдар бойынша барлық діндер тең, бірде бір дін өзге діндер алдында артықшылыққа ие емес. Бүгінгі күні діни бірлестіктермен бірге еңсеретін бірқатар сын-қатерлер тұр. Біріншіден, соңғы жылдары азаматтар діншілдігінің жылдам өсуі - діни мәдениеттің дұрыс қалыптасуынан және діни догмаларды сыни қабылдаудан озып кетті. Кейбір діншіл адамдар діни қағидаларды сөзбе-сөз бұлжытпай орындауды заңдар мен зайырлы ғибраттарынан жоғары орынға қойып отыр. Бұл отбасындағы, сондай-ақ жалпы мемлекеттік күрделі сын-қатерлердің, шиеленістердің шығу көзі» дейді Н.Ермекбаев.

Бөлісу: