06
Сәрсенбі,
Қараша

һижри

Министр: Зайырлы мемлекет – атеист ел емес

Ел іші
Жарнама

Бүгін Қазмедия орталығында Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың халыққа есеп беру жиыны өтті.

Халықпен кездесу барысында министр ведомствоның 2016 жылы атқарған жұмыстарының нәтижелері, сондай-ақ, министрліктің алдағы уақытқа қойған басты бағыт-бағдар, міндеттері туралы баяндады.

«Министрлік құрылған кезден бастап барлық күш халықтың өмірін жайлы әрі қауіпсіз қылуға, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін қамтамасыз етуге бағытталды. Біз жауап беретін салаларда мемлекеттік саясаттың әрбір қазақстандық үшін түсінікті және айқын болуына баса назар аудардық. Бұл бағыттағы негізгі мақсат – азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету, мемлекет пен азаматтық қоғам күштетін біріктіру, зайырлы және демократиялық принциптерді нығайту» деді Н.Ермекбев.

Министрдің мәліметінше, қазіргі күнде елімізде 18 конфессия тіркеліп, 3 658 бірлестікке біріккен. Қазақстандықтардың 15% пайызы діндар, яғни діни рәсімдерді тұрақты орындаушы адамдар. Республика азаматтарының 75%-ы Құдайға сенеді, бірақ діни жоралғыларды тұрақты орындамайды және діни бірлестіктер қызметіне тартылмаған. Ал өздерін атеист немесе агностик санаушылар саны – шамамен 10 %.

Нұрлан Байұзақұлы ведомствоның дін саласындағы басты басымдығы кез келген радикалды діни ағымдарға мүлде төзбеушілікті қалыптастырып, мемлекеттік зайырлылық қағидаттарын нығайту екенін атап өтті.

«Зерттеулер нәтижелері азаматтардың көпшілігі зайырлылық құндылықтарын жоғалтып алуға болмайтынын дұрыс деп санайтынын көрсетті. Бұл ретте зайырлы мемлекет атеист мемлекет еместігін атап айтқым келеді» деді министр.

Айта кетсек, бүгінде аталмыш министрліктің үйлестіруімен экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша жүйелі жұмыстар жолға қойылған. Дін саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру мәселелеріне қатысты ұсыныстар әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылып, кешенді жоспар іске асырылып келеді.

Minnist3

Kaz-Islam.kz

Бөлісу: