Корпоративтік "Зекет" қорының Астана қаласы өкілдігінің 5 жылдық мерейтойына орай "Добрый хлеб" акциясын бастады.
Акция мақсаты - мұқтаж, әлеуметтік жағдайы төмен жандарды, зейнеткерлерді нанмен қамтамасыз ету. Жоба аясында дүкендерде "Добрый хлеб" сөрелері орналастырып, күнделікті түрде нан қойылады. Айына 1350 бөлке нан таратылады. Елордамыздағы Габдулина 3 мекен-жайындағы "Тәтті" дүкені мен Абай даңғылы 9А мекен-жайындағы "Слобода" дүкені қайырымдылық шарасын қолдап, "Добрый хлеб" сөресін орналастырды.
Астананың кез-келген тұрғыны осы шараға қатысып, аталмыш дүкендердегі сөрелерге нан не өзге де азық-түлікті қалдырып кете алады.
Ал егер Сіз дүкен иесі болсаңыз, онда "Добрый хлеб" сөресін дүкеніңізде орналастырып, қайырымдылық шарасына үлесіңізді қоса аласыз.
Барлық сұрақтар мен ұсыныстар бойынша Абай даңғылы 3\2 мекен – жайына келіп немесе 8 775 622 5170 нөмеріне хабарласа аласыз.
"Зекет" қорының
баспасөзқызметі.
Бөлісу: