Көктемгі су тасқыны кезінде Махамбет ауданындағы үйі қирап қалған тағы бір отбасы баспаналы болды. Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлы кеше Сағыныш Тобажановаға "Нұр Ақтөбе" ауданынан екі бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті.
Екі бөлмелі пәтер Маңғыстау, Оңтүстік, Батыс Қазақстан, Атырау, Қызылорда, Қостанай және Ақтөбедегі облыстық мешіттерде жиналған асар ақшасына сатып алынған. Еліміздің Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы бүгін бұл шаңырақта қонақ болды. Тобажановтар әулеті тасқынға дейін Махамбет ауданында үш бөлмелі үйде тұрған. Баспананы су шайып, қирап қалды. Тұруға жарамсыз. Не жердің, не пәтердің кезегінде жоқ әрі мүгедек адамы бар отбасыға "Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы асары" қоры қол ұшын созды. Жиһаздармен жабдықталған дайын пәтер сыйлады. Азық-түлігін әкеліп берді. Айта кетейік, Ақтөбедегі су тасқыны кезінде 86 үй құлады. 65 адамға жер үчаскесі берілді. Сегіз жанұя уақытша әлеуметтік жатақханаға орналастырылды. Екі отбасыға "Батыс-2" ауданынан, бесеуіне "Нұр Ақтөбе" ауданынан пәтер берілді. Тағы бір жанұяға мұғалжарлық кәсіпкер үй сыйлады.
{youtube}-b4N-cCRziE{/youtube}