Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе облысы Алға ауданына қарасты Бестамақ округіндегі «Ақтөбе» медресе-колледжінде болды.
Наиб мүфти Н.Тағанұлы «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығы мен «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің ұйымдастыруымен өткен имамдардың біліктілігін арттыру семинарына қатысып, дәріс оқыды. Имамдардың діни бағыттағы қызметін арттыру және форумда көтерілген мәселелерге тоқталды. Алдағы Рамазан айын жоғары деңгейде өткізуге қатысты тапсырмалар берді.
Сонымен қатар, Ақтөбе қаласында жуырда пайдалануға берілетін жаңа мешіттің құрылыс жұмыстарымен танысты.