06
Сәрсенбі,
Қараша

һижри

Түркия сапары: аударма мәселесі талқыланды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Үстіміздегі жылдың 17-19 мамыр аралығында Түркияның Сапанжа елді мекенінде Түркия елінің Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен діни еңбектерді өзге тілге аудару мәселесі бойынша халықаралық деңгейде конференция өтті. Онда жалпы Түркия діни басқармасының бүгінгі күнге дейінгі шығарған еңбектерін басқа тілге аудару  мәселесі талқыланды.

Конференцияға Африка, Азия, Еуропа елдерінен келген арнайы қонақтар қатысты. Қазақстаннан ҚМДБ-ның Жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы мен Еуразия Ұлттық университетінен дінтанушы, ұстаз Кеңшілік Тышқан қатысып қайтты.

Жалпы түрік тілінде жарық көрген еңбектерді кез келген ортаға сай етіп аударып, мол данамен шығарып, халыққа тарату мәселесі талқыланды.

Өз кезегінде Қазақстаннан барған делегация сөз алып, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының ыстық сәлемін жеткізе келе, Бас мүфтидің тапсырмасы бойынша Діни басқарманың жанынан білімді, тәжірибелі мамандардан аудармашы тобы құрылғанын айтты.

Сондай-ақ бір жылдың ішінде көптеген діни кітаптардың аударылғанын жеткізіп, ендігі кезекте аударылған кітаптарды халыққа жеткізу үшін мол данамен шығарып тарату қажеттігін тілге тиек етті.

Аталмыш конференцияға байланысты көптеген тұщымды ұсыныс-пікірлер білдіріліп, арнайы хаттама жазылып, алдағы уақытта бірлесе жұмыс істеу қажет деген шешімге келіп, тарасты.

Tuur2

Tuur3

Tuur4

Muftyat.kz

Бөлісу: