1 маусым. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ақмола облысы Целиноград ауданы Ақмол қалашығында орналасқан «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандары мұражай-мемориалдық кешенінде болып, боздақтарды еске алып, дұға жасады, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.
Сонымен қатар Бас мүфти бұйрығымен еліміз бойынша барлық мешітте бесін намазынан кейін елдің ертеңі үшін шейіт болғандарға дұға жасалып, Құран бағышталды.
Айта кетсек, 31 мамыр - ХХ ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.