26 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы «Астана» медресе-колледжінде оқып жатқан шәкірттермен кездесіп, ІІІ республикалық форумда қабылданған «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының Рухани Тұғырнамасы» құжатын түсіндірді, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілішісі.
«Халқымыздың дәстүрінде жеті қазына қандай киелі болса, еліміздегі мұсылман қауымының тіршілігі мен құлшылығында жеті рухани қазық сондай қастерлі болуы керек. Ендігі мақсат – осы тұғырнаманы халыққа насихаттау. Жұма уағыздарында, жамағат намаздарынан кейінгі дәрістерде Рухани Тұғырнаманың мақсаты мен міндеттерін, тәлімдері мен ұстындарын ұлтымызға жеткізу – баршамыздың асыл борышымыз», – деп атап өтті Әнуар Елжанов.
Кездесу барысында Әнуар Ізімбайұлы маңғыстаулық шәкірттермен сұхбаттасып, оларға діни салада қызмет етудің маңыздылығы туралы ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, медресе тынысымен танысты.