02
Сенбі,
Қараша

һижри

Вице Министр: Имамдар форумы – тарихи оқиға (ФОТО)

Вице Министр: Имамдар форумы – тарихи оқиға (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

9 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Кеше Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісіне ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов қатысты, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Марат Алмасұлы қазан айында өтетін ІІІ республикалық имамдар форумы ел мұсылмандарының рухани өмірінде тарихи оқиға болатынын айрықша атап өтті. 

«Республика имамдарының басын қосатын игі іс-шара тарихи оқиға болмақ. Форумда қабылданатын құжаттар ҚМДБ жұмысына серпін береді деп сенемін», - деді М.Әзілханов. 

Кездесу барысында ІІІ имамдар форумында қабылданатын бірқатар құжаттардың мазмұны талқыланды.

Төралқа жұмысына Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, ҚМДБ төрағасының Бірінші орынбасары Наурызбай қажы Тағанұлы, наиб мүфти Бауыржан Есмахан, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, Бас мүфти кеңесшісі Балтабай Мекежанов, бөлім меңгерушілері мен облыстың бас имамдары қатысты.

0x0 79

0x0 80

0x0 81

0x0 83

0x0 85

0x0 88

0x0 86

0x0 87

0x0 89

Бөлісу: