5 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желі арқылы барлық мұғалімдерді кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.
«Еліміздегі барлық мұғалімдерді кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын. Ұстаздар - балаларға білім беріп, ұрпағымызды отаншылдық рухында тәрбиелейтін керемет жандар. Еліміздің лайықты азаматтары - мұғалімдерге әрқашан қолдау көрсетеміз» деді ҚР Президенті.