28 қыркүйек.Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Еуразия шығармашылық одағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Оразды «Полиэтникалық Еуразияның руханиятын сақтауға қосқан елеулі үлесі үшін» номинациясы бойынша арнайы сертификатпен және бағалы сыйлықпен марапаттады, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.
Марапаттау рәсімі Алматы қаласында Ресей Федерациясының Бас консулы кеңсесінде өтті.
Бұл – тұлғалардың өнер, әдебиет, ғылым, спорт және әлеуметтік маңызды жетістіктері үшін Еуразиялық шығармашылық одақ тарапынан берілетін марапат.
Аталған халықаралық жоба 2013 жылдан бері жүзеге асып келеді. Еуразиялық шығармашылық одақ – тұлғалардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін қолдау мақсатында құрылған коммерциялық емес қоғамдық ұйым.