26 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Мәскеу қаласында өткен "Ислам жаһандық әлемде: Мұсылман мирасы мен мәдениетаралық диалог" атты халықаралық конференцияда баяндама жасады, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.
"Біз, дін қайраткерлері сындарлы сәттер мен сын-сағаттарда бір-бірімізге көмекші болуымыз керек. Алла Тағала баршамызды осындай берекелі басқосуларда кездестіріп, игі де ізгі істің басы-қасында болуды жазғай! Жаратушы Иеміз Құранда бұйырғандай, жақсы істе, тақуалықта бір-бірімізге көмекші болуды нәсіп еткей!" - деп атап өтті.
Конференция жұмысына қазақстандық делегация тарапынан ҚМДБ Төрағасының Бірінші орынбасары Наурызбай қажы Тағанұлы да қатысты.