20 қыркүйек. Нұр-Астана. Ummet.kz – Дін қызметкерлерін бір арнада тоғыстырған «Елтаным» байқауы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды kazislam.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.
Байқауға қатысқан имамдар білім-білігін ғана емес, ұлттық салт-дәстүр, ұлы тұлғалардың дін жайындағы еңбектерін халық арасында насихаттау тәсілдерінде сарапқа салған.
Бүгін жүзден жүйрік шыққан 8 имам Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде көпшілік алдында сынға түсті.
«Биылғы шараның басты артықшылығы біз имамдарға алдын ала 4 семинар өткіздік. Әр семинарға 20 имамнан қатысты. Семинардың мақсаты – жалпы Қазақстан қоғамының зайырлы құндылықтары, әдет-ғұрпы салт-дәстүрін насихаттау, имамдардың білім деңгейін арттыру. Осы бойынша бізде 4 күндік семинар өтті», - дейді Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының өкілдері.
Жүлде қолы 1 млн. теңге тұратын сайыста:
Бас жүлде Наурызбай ауданы Қарағайлы мешітінің наиб имамы Темірбек Пернебекұлы – 300 000 (үш жүз мың) теңге;
1 орын – Түркісіб мешітінің наиб имамы Мирас Касимов 200 000 (екі жүз мың) теңге;
2 орын – Алатау ауданы әл-Азим мешітінің наиб имамы Жомарт Кершеев 150 000 (жүз елу мың) теңге;
3 орын – Әуезов ауданы Ақсай мешітінің наиб имамы Қуаныш Әбішев 100 000 (жүз мың) теңге иеленді.