10 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қайырымды жандар Алматы қаласының іргесінде орналасқан Гүлдала елді-мекенінде тұратын 5 отбасын қуанышқа бөледі, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.
Көпбалалы отбасылар мен жолдасынан айырылып, тағдыр тауқыметін ерте тартқан жандардың жағдайы жомарт адамдарды бей-жай қалдырмапты.
Салтанатты шараға қатысқан Бас мүфти Серікбай қажы Ораз:
«Халқымызда: «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», - деген нақыл сөз бар. Халыққа қарайласқан адамға Алланың өзі қарайласады. Ізгі амал сауапсыз қалмайды. 5 отбасын қуанышқа бөлеген азаматтарға Алла разы болсын», - деп атап өтті.
Игі шарада сөз алған Нұр-Мүбәрак университеті ректорының кеңесшісі Ержан қажы Малғажыұлы да ізгі ниеті мен тілегін жеткізді.
Баспаналы болған отбасылар жомарт жандарға алғыстарын жаудырды.