02
Сенбі,
Қараша

һижри

Әл-Фараби мен Абайдың мерейтойында ысырапшылдыққа жол берілмеуі керек - Мемлекет басшысы

Әл-Фараби мен Абайдың мерейтойында ысырапшылдыққа жол берілмеуі керек - Мемлекет басшысы

Ел іші
Жарнама

2 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Әл-Фараби мен Абайдың мерейтойында ысырапшылдыққа жол берілмеуі керек. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқының Жолдауын жариялаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

«Келер жылы аталып өтілетін маңызды мерейтойлар мен елеулі оқиғаларға дайындық жұмыстары басталды. Ендігі жылы бәріміз Әл-Фарабидің 1 150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойларын атап өтеміз. Мерейтой барысында ысырапшылдыққа жол бермей ғұлама тұлғаларымыздың еңбектерін халық арасында дәріптеуіміз керек», - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті сондай-ақ ең маңызды мерекеге - Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты тиісті іс-шараларды іске асыруымыз қажеттігін атап өтті.
«Ел өміріндегі осындай елеулі оқиғалар жас ұрпақты нағыз отаншылдыққа тәрбиелеуге жол ашады деп сенемін», - деді Тоқаев.

Еске сала кетсек, 2019 жылдың 26 тамызында Мемлекет басшысының Жарлықтармен Әбу Насыр әл-Фарабидің 1 150 жылдық мерейтойын және Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссиялар құрылды.

Бөлісу: