2 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Елордамыздағы №2 балалар ауруханасы мен Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің бірлесе ұйымдастыруымен тегін сүндеттеу шарасы өтті, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.
Аталмыш шараға қаладағы көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған жанұя балалары шақырылып, №2 аурухананың алты операциялық бөлімі және алты хирург жұмылдырылған. Аурухананың Бас дәрігер орынбасары Айдын Нұртасұлының айтуынша, аталмыш шараға 50-ге жуық бүлдіршін тіркелген көрінеді.
Аталмыш шараға республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Дінмұхаммед Сманов арнайы қатысып, ата-аналар қауымына сүндетке отырғызу рәсімінің мән-маңызы мен шариғаттағы орны жайлы қысқаша ақпарат беріп өтті. Сүндетке отырғызу шарасының сәтті өтіп, бүлдіршіндердің аман-есен ержетуін тілеп, арнайы дұға жасалды.Шара соңында сүндетке отырғызылған бүлдіршіндерге ұйымдастырушылар атынан арнайы сыйлықтар тарту етілді.
сүн