02
Сенбі,
Қараша

һижри

«Әзірет Сұлтан» мешіті 250 оқушыны мектепке дайындады (ФОТО)

«Әзірет Сұлтан» мешіті 250 оқушыны мектепке дайындады (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

27 тамыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – ҚМДБ Нұр-Сұлтан өкілдігі бойынша басталған «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы бүгін республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде жалғасын тапты, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Мешіт қызметкерлерінің жұмыла ұйымдастыруымен демеуші жандардың қолдауы арқасында Бас мешіттегі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы биылғы жылы Елордамыздағы 250 мұқтаж отбасыны қамтыды.

Аталмыш акция Нұр-Сұлтан қаласында өткен аптаның жұма күнінде басталған болатын. Содан бері Елордамыздағы 11 мешіт бойынша кезекпен өтіп келе жатқан қайырымдылық шарасы қазіргі таңға дейін 800-ден астам отбасыны қамтып үлгерді. Айта кетейік, акция жұмыстары 28-тамызға дейін жалғасатын болады.

Еліміздің Бас мешітіндегі қайырымдылық шарасы қасиетті Құран аяттарымен ашылып, ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ақ батасымен жалғасты. Білім жолындағы бүлдіршіндерге сәттілік тілеп, ізгі тілегін арнаған Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы оқушыларға мектеп сөмкесі мен қаржылай көмекті өзі қолымен табыстады.

Жылдан-жылға қайырымдылық шарасының ауқымы кеңейіп келе жатқанын тілге тиек еткен Наурызбай қажы Тағанұлы осы акцияға атсалысқан демеуші жамағатқа да өз алғысын білдіріп өтті. Асыл дініміздің білім-ғылымға деген айрықша құрметі мен ықыласы жайлы сөз қозғаған наиб мүфти бұл қайырымдылық шарасының білімге жасалған қолдау екенін атап өтті.

Бөлісу: