22 тамыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Алматы қаласына жасаған іссапар аясында ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы алып шаһардағы құлшылық ордаларының жай-күйінен хабардар болып, жаңа оқу жылы қарсаңындағы дайындықтарымен танысып шықты, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.
Шаһардағы сегіз ауданның бас имамдарын жекелей қабылдаған наиб мүфти қаладағы діни ахуалға қанығып, бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Аудан бас имамдарының есеп беру отырысына ҚМДБ Дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет пен Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай қатысып, қаладағы құлшылық ордаларының тыныс-тіршілігі, қысқа дайындығы, діни сауат ашу курсының оқу жоспары, жалпы жұмыс барысы таныстырылды. Кей мешіттердегі түйткілді мәселелер де айтылып, нақты тапсырмалар берілді.