02
Сенбі,
Қараша

һижри

Астана процесі аясында Сирия бойынша 13-ші келіссөз аяқталды

Астана процесі аясында Сирия бойынша 13-ші келіссөз аяқталды

Ел іші
Жарнама

5 тамыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Астана процесі шеңберіндегі Сирия бойынша кезекті 13-ші халықаралық кездесуі мәресіне жетті, деп хабарлайды baq.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Шара қорытындысы бойынша сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Васильенко мәлімдеме жасады. 

«Астана процесі аясында Сирия жөніндегі 13-ші халықаралық кездесу мәресіне жетті. 2017 жылдан бері Қазақстан Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен жүзеге асырылып жатқан бұл процесс Сирияда бейбітшілікті орнату жолында орасан зор жетістікке жеткені сөзсіз. Бұл процесс көптеген екіжақты және көпжақты тараптардың Сирия бойынша атқарған күшінің нәтижесі деуге болады. Бүгінгі кездесу – Астана процесіне кепіл елдердің Сирия мәселесін бейбіт жолмен  шешуге ұмтылысы. Осымен байланысты 13-ші халықаралық отырыс қорытындысы бойынша кепіл елдер  - Иран, Түркия, Ресейдің бірлесе қабылдаған мәлімдесін жариялаймын», - деді Роман Васильенко.

5f1426f91c2cbfeb9f423df213dc5e22

dc8fbe089f115293ea33a73084c61f37

Бөлісу: