1 тамыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Кеше Нұр-сұлтан қаласында «Тағам қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әйелдің ролі» атты Қазақстанның іскер әйелдерінің дөңгелек үстелі өтті, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.
Шақырылған қонақтар тізімінде биологиялық ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессоры Серікбаева Асия Демеухановна, биологиялық ғылымдарының кандидаты ISO 9001 менеджмент жүйесі сертификациясының аудиторы Сұраншиева Гүлнар Керімбайқызы, медицина ғылымдарының кандидаты, «Histes» еуропалық ассоциациясының профессоры Айкешова Алима Сәлімқызы болды.
Аталмыш іс шараға «Халал даму» ұйымының бас сарапшы-технолог маманы Омарова Айжан қатысып, өз мәлімдемесін жасады. Тағам қауіпсіздігіне байланысты өте ауқымды тақырыптар қозғалып, тағам өнеркәсібінде кездесетін кедергілермен күресу жолдары талқыланды.
Аталмыш іс-шарада әйел адамның қоғамдағы орнын ерекшелеп, тағам қауіпсіздігін қамтамасыз етуде орны ерекше екендігіне баса назар аударылды. Келешек салауатты, дені сау ұрпақ тәрбиелеуде әйелдің қоғамға тигізетін пайдасы орасан зор. Сондықтан да әйел адамның қоғамда тағам саясатына байланысты тигізетін ықпалы өте зор.