02
Сенбі,
Қараша

һижри

Биылғы қажылық жайындағы маңызды ақпараттар айтылды

Биылғы қажылық жайындағы маңызды ақпараттар айтылды

Ел іші
Жарнама

18 шілде. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz - 30 шілде күні қажылыққа ниеттенген азаматтардың алғашқы тобы Шымкент және Ақтау қалаларынан Сауд Арабиясына сапар шегеді, деп хабарлайды ortcom.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

«Биылғы қажылық маусымы осы айдың 30-ынан басталады. Биылғы қажылыққа бару бойынша Сауд Арабиясы тарапынан біздің 3200 азаматымызға квота берілді. Осыған сәйкес Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы қазақстандықтарды қажылыққа дайындап жатыр», - деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов Орталық коммуникациялар қызметі алыңында.

Қажылыққа екі әуе компаниясы алып барады. Ол Сауд арабиясы тарапынан берілген «FlyNas» компаниясы және Қазақстан тарапынан отандық «Scat» авиакомпаниясы. Алып бару принципі 1600 адамнан іске асырылады.

Сондай-ақ, Дін істері комитетінің төрағасы арнайы қажылық миссия құрылғанын айтып өтті.

«Арнайы қажылық миссияға біздің комитеттің өкілі, сонымен қатар, денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері енгізілді. Өйткені қажылық сапар кезінде ұйымдастырушылық немесе денсаулық тарапынан бір мәселелер туындап жатса, сол кісілер Қазақстан мұсылмандар діни басқармасымен бірге осы мәселелерді шешетін болады», - деді Ержан Нүкежанов.

Сонымен қатар, қажылыққа бару үшін міндетті түрде Сауд Арабиясы тарапынан бекітілген екпеден өту қажет.

«Міндеттелген екпе еліміздің біраз қалаларында өткізіледі. Қазіргі кезде бұл процесс жалғасып жатыр», - деп айтып өтті Е. Нүкежанов.

Бөлісу: