13 шілде. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz - Арыс қаласында ауыспалы тәртіппен ЖАНТ және РАНТ мүшелерінің жұма уағыздарын жүргізу жалғасын тапты, деп хабарлайды yassi.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.
Алла Тағала қасиетті Құранда: “Әй, мүміндер! Күмәнның көбінен сақтаныңдар. Өйткені, күмәнның кейбірі күнә. Сыр тексермеңдер, біреуді-біреу ғайбаттамасын. Біреулерің өлген туысының етін жеуді жақсы көре ме? Әрине, оны жек көресіңдер. Расында Алла тәубені тым қабыл етуші, ерекше мейірімді”,- деп ескерткен.
Бұ дүниеде дәйексіз айтқан жаланы дәлелдей алмаған пенде, қияметте соның сазайын тартады. Яки, Хақ Тағала өз алдына келтіреді.
Бүгін Бас Мүфтидің тапсырмасымен Елордасынан арнайы келген Асқар Мұқанов орталық “Ысқақ”, ал Дінмұхамед Сманов “Бекзат ата” мешітінде насихат айтты.
РАНТ мүшелері жұма тақырыбынан тыс сұрақтарына да жауап берді. Арыс жамағаты ҚМДБтәртіп Төрағасына ризашылықтарын білдірді.