02
Сенбі,
Қараша

һижри

Наурызбай қажы Тағанұлы қайырымдылық мекемесінің өкілдерін қабылдады

Наурызбай қажы Тағанұлы қайырымдылық мекемесінің өкілдерін қабылдады

Ел іші
Жарнама

12 шілде. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – ҚМДБ бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы өздерінің өтініші бойынша «Жібек жолы қайырымдылық мекемелер қауымдастығының» өкілдерін қабылдады, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Жиынға Халықаралық және ішкі істер жөніндегі кеңесшісі Мекежанов Балтабай және ҚМДБ Қайырымдылық және уақып істері бөлімінің меңгерушісі Камалжан Тұрдыбаев және аталған мекеменің басшысы Ахметжан Омаров, орынбасары Оралбек Рахымбек қатысты. Кездесу барысында шешімін таппаған бірнеше жайттар қаралды. Оның ішіндегі өзектісі қайырымдылық мекемелеріндегі діни білім беру мәселесі болып отыр. Өйткені аталған мекемелер Діни басқарманың рұқсатынсыз шариғат шеңберінде ілім үйретуге құқығы жоқ.

Осы орайда «Жібек жолы қайырымдылық мекемелер қауымдастығы» муфтиятпен бірлесе діни білім беруді қолға алмақ. Сондай-ақ пансионаттарға жазғы және қысқы уақытта балаларды тасымалдау жағының қиын екені де айтылды. Кездесу барысында Діни басқарма өкілдері екі жақты келісім тек 1 жылға ғана жасалады деген мәмілеге тоқталды. Келісім шеңберінде екі тарап өз қалауынша ұзарта алады.

Айта кетсек, бүгінде еліміз бойынша 2500-ден аса бала қайырымдылық пансионаттарында білім алып жатыр.

Бөлісу: