02
Сенбі,
Қараша

һижри

Өңір имамдарына оқыту курсы басталды

Өңір имамдарына оқыту курсы басталды

Ел іші
Жарнама

10 шілде. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Алматы облысы Талғар қаласында Д.Қонаев атындағы заң колледжінің мәжіліс залында «Діни экстремизм мен терроризм алдын алу мәселелері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу» тақырыбында облыстық оқыту курсы басталды, деп хабарлайды Алматы облысы дін істері басқармасының ресми сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Аталған оқыту семинары 3 күнге созылмақ. Оқу курсының мақсаты діни сенім бостандығын қамтамасыз етудегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары зайырлылық тұрғыдан ақпарат беру, Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заң талаптары мен дін саласын реттеуге бағытталған өзге де заңнамалық актілерді орындау бойынша өңірлерде туындайтын мәселелерді жете түсіндіруде жергілікті биліктің үйлесімді қызмет атқаруын қамтамасыз ету.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен күресуде қоғамды тарту, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру. Жас ұрпаққа «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңды насихаттау жұмыстарды жүргізу арқылы дұрыс тәрбие беру.

Оқыту жұмысына философия ғылымдарының докторы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Б.Бейсенов, «Терроризмге қарсы комитет» Республикалық қоғамдық бірлестігінің оқу-әдістемелік орталығының жетекшісі М.Мадияров, Ясауи университеті Гуманитарлық ғылымдар факультетінің Ph докторы, теолог Б.К Ботакараев, Философия ғылымдарының докторы, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениет университетінің профессоры Қ.Затов, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің PhD докторанты, з.ғ.магистрі Р.У. Сейтказиев, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының РМУ оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректоры Ш.Амирбеков, БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану Институтының Ph докторанты Жүзей Мырза сынды білікті мамандар қатысып, оқу курсын жүргізуде.

Оқыту курсына 80-ге жуық өңірлік имамдар мен ұстаздар тартылды.

Бөлісу: