27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Студенттер жат ағым жайына қанықты (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Жат ағыммен күрес – бүгінгі қоғам үшін күн тәртібіндегі мәселелер қатарынан. Елорда әкімдігі осы мақсатта қала аумағында мемлекеттің дін саласындағы саясатын түсіндіру және жастарымыздың өзге жат ағымдардың жетегінде кетуінің алдын алу жұмыстарын жүргізуде.

Әкімдік өкілдері мен қалалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Астана қаласындағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттерімен кездесті.

Кездесуге «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамдары Нұрлан Рамазан мен Марат Бектазинов қатысып, дін атын жамылған теріс пиғылды ағымдар жайында баяндама жасады.

Кездесу барысында студенттерге деструктивті ағымдардан сақтанудың түрлері, оларды ажырату жолдары турасында әңгіме өрбіп, соңында жастардың әртүрлі сауалдарына жауап берілді. Аталған кездесу алдағы уақытта қаладағы басқа да ЖОО-ларда жалғасын табатын болады.

Agrar1

Agrar3

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: