Құрбан айт – барша жұртты жақсылыққа шақыратын, игі істерге жұмылдырушы мереке.
Айт күндері Астана жұртшылығы қала мешіттерінде ұйымдастырылған бірқатар бұқаралық шаралардың куәсі болды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі, Астана қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы айтулы мерекелерде мешіт ұжымына да ерекше назар аударып, арнайы сый-сияпат жасауды игі дәстүрге айналдырып келеді.
Құрбан айт мейрамына орай наиб мүфти Н.Тағанұлы құлшылық үйінде қызмет етуші барша ұжымға алғыс айтып, мерекелік сыйлық табыс етті. Дін қызметін қалтқысыз адал атқарып, ел руханиятын көтеруге үлес қосып отырған қызметкерлердің еңбектеріне жеміс, отбасыларына амандық тілеп, алдағы уақытта да биік белестерден көрінулеріне ниеттестік білдіріп, ізгі лебізін жеткізді.
«Нұр Астана» орталық
мешітінің баспасөз қызметі