27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

ХАБАРЛАНДЫРУ

Мешіт тынысы
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласындағы өкілдігі, «Нұр Астана» орталық мешіті қыркүйек айының 24 (сенбі) күні «Отбасы күніне» орай сағат 15:00-де жыл басынан бері отау құрып, «Нұр Астана» орталық мешітінде ақ некелерін қидырған отбасыларға арналған «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» атты рухани кездесу ұйымдастыруда.

Шара барысында қасиетті Құран аяттары оқылып, бата жасалып, «Жанұя шаттығы» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, жас отбасылардың Исламдағы жанұя, отбасы мәселесі төңірегіндегі сауалдарына жауап беріледі.

Сондай-ақ, осы күні отбасын құрып жатқан жас жұбайлардың некелері қиылып, жаңа туылған нәрестенің құлағына азан шақырылып, есім қою рәсімі өтеді деп жоспарлануда.

Шараның мақсаты:

- Жанұялық құндылықтарды нығайту;

Жұбы жарасқан, бақытты, мерейлі отбасылық құндылықтарды насихаттау;

-  Жас отбасыларға ақпараттық, рухани, психологиялық қолдау көрсету;

Жас отбасылар арасындағы ажырасу оқиғаларының алдын алуға үлес қосу.

Қосымша ақпарат алу үшін 8 (7172) 44-64-22, 87758992847 (Ұлпан) телефондарына байланысуға болады.

 

«Нұр Астана» орталық мешітінің

баспасөз қызметі.

Бөлісу: