27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Құрбан айтқа дайындық пысықталды (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін «Астана» медресесінде елорда мешіттерінің қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңындағы дайындығына арналған имамдар жиыны өтті.

ҚМДБ наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы төрағалық еткен жиында қасиетті Құрбан айт мерекесіне дайындық мәселелері талқыланды. Күн тәртібінде айтулы мейрамды жылдағы үрдіспен бұқаралық деңгейде өткізу, мәдени-рухани шаралар ұйымдастыру, сондай-ақ мешіт аулаларында қайырымдылық жәрмеңкелерін жасау секілді жоспарлар қамтылды.

«Құрбан айт – халқымыз асыға күтетін айрықша мейрам. Мерекенің маңызы жыл санап артып келеді. Бас мүфтиіміз асыл дініміздегі атаулы күндерді өткізуге ерекше назар аудару керектігін айтып келеді. Қасиетті мерекелерде қайырымдылық істерін барынша көптеп ұйымдастыруымыз керек. Халыққа бар мүмкіндігімізді салып қызмет ету біздерге жүктелген міндет. Қалыптасқан игі дәстүрлерімізді қайта жалғастырып, бұқаралық сипатта лайықты деңгейде өткізуге атсалысуға шақырамын» деді наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетсек, биыл Құрбан айт мерекесі елімізде 12-14 қыркүйек аралығында аталап өтіледі. Бұл күндері қала мешіттері киіз үй тігіп, сан алуан қайырымдылық шараларын өткізеді. Ал «Раббың үшін Құрбан шал» шарасы айт күндері ауқымды көлемде ұйымдастырылмақ. Қала әкімдігі осы мақсатта құрбандық шалуға арнайы сегіз нысан бөліп отыр. Жиын барысында дайындықтан өткен қасапшылардың осы істе ықтиятты болып, құрбандық малдарын шариғат шарттарына және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес союы керектігі ескертілді.

 

«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: