13
Бейсенбі,
Наурыз

һижри

«Әл-Фараби»: РАНТ мүшесі «Құмар ойындарының зияны» жайлы насихат айтты (фото)

«Әл-Фараби»: РАНТ мүшесі «Құмар ойындарының зияны» жайлы насихат айтты (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде әдеттегідей жамағатқа арналған бейсенбілік ақ дастархан жайылып, көпшілікке арналған насихат кеші өтті.

Бұл жолы «Әбу Насыр әл-Фараби» мешіті Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен өткізілген шараға ҚМДБ жанындағы РАНТ мүшесі, Алматы қаласы «Қалқаман» мешітінің бас имамы Қамбаров Руслан арнайы қонақ болып келді.  

РАНТ мүшесі жиылған жамағатқа «Құмар ойындарының зияны» тақырыбында насихат айтты. Насихат барысында қазіргі күні рухани дерт ретінде кең тараған құмар ойынға салынбау үшін әрбір адам білуі тиіс оның зияндарын атап өтті.

Құмар ойын дертін емдеудің жолдарын, атап айтқанда нәпсіні жаман қалаудан тыю, балаға жастайынан дұрыс тәрбие беру, жаман ортадан алшақтау ұстаудың маңыздылығы мен құмар ойындарының Құран аяттары мен Пайғамбар (с.ғ.с) хадистерінде кездесетін тұстарын тілге тиек етті.

Насихат соңында Руслан Қамбаров жамағатқа ел болып, бесігімізді түзетеміз десек, жастарымызға бұл дерттің зиянын барынша ұғындыруымыз қажет екенін айтты.  Алла Тағала біздерді нәпсінің жетегіне еруден, түрлі күнәлі істерден сақтап, аулақ жүруді нәсіп етуін сұрап дұға тіледі.

84ccbfd6-6831-453d-bc0a-772e26249692.jpg

f9aefcbb-dff3-48d0-a834-ba7234a3fbd0.jpg

619d741a-b20b-4a9a-88f6-c79af5464016.jpg

ummet.kz

Бөлісу: