27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Бас мүфти жұма уағызын айтты (ВИДЕО+ФОТО)

Бас мүфти жұма уағызын айтты (ВИДЕО+ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

қараша. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазірет «Нұр Астана» мешітінде жұма уағызын жүргізді, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Бас мүфти жамағатқа мәуліт айына орай Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өнегелі өмір белестерінен сыр шертетін «Екі дүние сардары» деген тақырыпта салиқалы сөз қозғады.

«Әдетте, адам өзі қадірлеген және құрмет еткен тұлғаның әрбір сөзі мен іс-әрекетін қалт жібермей үлгі тұтары заңдылық. Өйткені, тұлғаны тұлға етіп қалыптастыратын нәрсе – оның елден ерекше парасатты сөзі, ұшқыр ойы мен өткір ақылы һәм ықылас пен шынайылыққа толы ыстық жүрегі. Ендеше, ардақты Пайғамбарға (с.ғ.с.) деген сүйіспеншіліктің белгісі – оның сүннетін өмірлік ұстаным ету. Әрбір сөзін және мінез-құлығын бойға сіңірумен сүннет өмірлік салтқа айналады», - деді Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.

Сонымен бірге бас мүфти Алла Елшісінің (с.ғ.с.) асыл мінез-құлқы, адамзатқа үлгі болар сипаттары мен әлемдік өркениеттегі орыны жайында ой қаузап, келген жамағатқа өнегелі уағыз айтты. 

Жұма намазын жүргізген мүфти хазірет намаз соңында елімізге амандық, жерімізге тыныштық, ел халқымына береке-бірлік тілеп арнайы дұға жасады.

 

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

Бөлісу: