Баламды қайта тəрбиелеу мүмкіндігім болғанда, оған сұқ саусағымды кезеп əр нəрседен бір тыюдың орнына саусақтарымен ұстап сурет салуды үйретер едім.
Дінде баланы жоспарлап көтеруге рұқсат па?
Жоспарлы жүктілік – құдай қанша берсе сонша бала дүниеге әкелем деп емес, есеппен көтеру дегенді білдіреді. Мұның дінге қайшылығы бар ма?
Күйеулерге кеңес: Мына 10 амалмен үйдегі бақытқа қол жеткізесің
Имам Ахмад ибн Ханбалдың отау құрған ұлына айтқан өсиеті:
Қыздарға кеңес: Қоғамда еленбейтін маңызды әдептер
Маңызы зор болғанмен қоғамда еленбейтін мына бір әдептерді жазып өтуді де жөн көрдік.
Үйлену – тұрақтылық үшін емес, үйлену – тұрақтылар үшін
Хадистердің бірінде қиямет күні адам өз өмірін қалай өткізгені жайлы сұралмайынша, пенде қадам басып алға жылжи алмайтындығы айтылған. Сізден тек өміріңізді, уақытыңызды қайта жұмсағаныңыз сұралмайды!
Қыз бала ағаның ақылына, əкенің сесіне мұқтаж
Қыз бала біреудің еркелетуіне, қолдауына мұқтаж болып жүреді. Міне, дəл сондай уақытта, қыздың дəл бір ер адамның қамқорлығын қажет ететін кезінде біз оларды оқуға, жұмысқа, анда-мында деп алысқа жіберіп аламыз.
Жұмысшының жұмыс берушідегі 12 ақысы
Дінімізде жұмыс беруші мен жұмысшы қатынастары мәмілеге келу, өзара жәрдемдесу, құқық және әділдік негіздеріне құрылған. Жұмыс беруші, жұмысшы, қызметкер, бастық деп, қолындағы билігіне қатысты бөлінбей әркім алдындағы асыл адалынан жеу үшін бір-бірінің ақысына абай болғаны абзал.
Баламен қандай жағдайда ақылдасу керек?
Құрандағы аяттардан баланы болашақ өмірге даярлау барысында үлкендердің үнемі оған ақыл-кеңес беруі, тәрбиелеуі ғана емес, сонымен қатар онымен ақылдасып, пікірін сұрап отыру керектігін де көреміз. Бұл әрі ата-ананың баласына қаншалықты мән беретінін көрсетеді.
Бала ата-анасынан екі түрлі тәрбие көрмеуі керек
Үлкендері бір-бірімен тонның ішкі бауындай өте жарасымды жақын сыйласатын жанұяларда бала өз-өзіне сенімді болып өседі. Ал, әке-шешелерінің бір-бірімен ұрсысып, бастары піспей, қажасып, оны балаларынан да именіп, жасырып жатпайтын жанұяларда бала керісінше қорқақ, өзіне деген сенімі аз, ынжық, жалтақ болып өседі. Әке-шешенің бақытсыздығы баланың да сағын сындырады.
Келін жыласа – бала жасық болады
Тұңғышына аяғы ауырлаған жас келіншек ана болатынын білгенімен, шынайы мәніндегі жүрек елжіретер аналық сезімді әлі түсінбейді. Бірақ оның бүкіл болмысында өзгерістер жүріп жатады. Бойына бала бітпей тұрғандағы қалпы, айналаны қабылдауы енді басқаша ағысқа түседі. Өзінен-өзі мазасызданып, сәл нәрсеге кейіп, болар-болмасқа тарылып, әр нәрседен секемденіп, бұрын өзіне тән емес күй таңдау пайда болады.
Балиғат жасына жеткен адам деп кімді айтамыз?
С: Қандай адамдарға парыз, уәжіп, сүннет амалдарды істеп, харам, мәкрүһ, мұстакраһ амалдарды істемеу міндет?
Ж: Мүкәлләф, яғни балиғат жасына жеткен және ақыл иесі болған адамдарға міндет.