С: Қандай адамдарға парыз, уәжіп, сүннет амалдарды істеп, харам, мәкрүһ, мұстакраһ амалдарды істемеу міндет?
Ж: Мүкәлләф, яғни балиғат жасына жеткен және ақыл иесі болған адамдарға міндет.
С: Балиғат жасына жеткен адам деп кімді айтамыз?
Ж: Жасы кәмелетке толған адам.
С: Ақыл иесі деген кім?
Ж: Ақылы толыққан адам.
С: Сәби, яғни жас балалар балиғат жасына толған деп есептеле ме?
Ж: Олар балиғат жасында деп есептелмейді.
С: Есі ауған, ақылынан адасқан кісілер ақыл иесі болып есептеле ме?
Ж: Олар ақыл иесі болып саналмайды.
С: Сәби балалар және есі ауған адамдар парыз және уәжіп амалдарды орындай алмаса немесе харам амалдардан сақтана алмаса, олар күнәһар болып есептеле ме?
Ж: Күнәһар болмайды. Өйткені, олар үзірлі, яғни себепті деп саналады.
С: Ер бала неше жасында балиғатқа толады?
Ж: 12 жасқа толғаннан соң және еркектік белгілері көрінгеннен бастап балиғатқа толған болып саналады.
С: Қыз бала неше жасында балиғатқа толады?
Ж: 9 жасқа толғаннан соң және әйелдік белгілері көрінгеннен бастап балиғатқа толған болып саналады.
С: Егер аталған жастарында еркектік не әйелдік белгілері көрінбесе, неше жаста балиғатқа толады?
Ж: Егер аталған жастарда белгілері көрінбесе, онда еркек те, қыз да 15 жасында балиғатқа толады.
С: Балиғатқа толып және ақыл иелері болғаннан соң, өмірінің ақырына дейін қандай амалдарды істеу және қандай амалдарды істемеу міндет?
Ж: Шариғат бұйырған әрбір амалды істеу және шариғат тыйым салған әрбір амалды істемеу міндет.
материал «Ғибадат исламия» кітабынан алынды,
ummet.kz